$ 446.49  475.38  4.79

«Ақсақалдың көзі көгеріп, миы шайқалған»: Қостанайлық кәсіпкер зейнеткерді өлердей сабаған (ВИДЕО)

Жолдың шетімен әрең өткен жас жігіт зейнеткерге жұдырық ала жүгірген. Кооперативтің бейнебақылауы қалталы азаматтың қарияны қалай ұрып-соққаны анық таспаланған.

Қостанайлық зейнеткерді соққыға жыққан жергілікті кәсіпкер болып шықты. Қымбат көлік мінген ол, қарияны "жолды бөгедің" деген желеумен күш көрсетіпті. Жүргізушілердің жанжалы бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews порталы Астана арнасына сілтеме жасап. 

Қарт жүргізуші мен жас жүргізуші дәл осы бұрышта келіспей қалған. Өйткені тар жолға қос көлік қатар қойылған көрінеді. Жолдың шетімен әрең өткен жас жігіт зейнеткерге жұдырық ала жүгірген. Кооперативтің бейнебақылауы қалталы азаматтың қарияны қалай ұрып-соққаны анық таспаланған. Қарт тұрғын да қалыспай бір рет қарымта соққы жасаған. Алайда 41 жастағы жігітке төтеп беруге шамасы жетпеді.

Анатолий ШЕВЦОВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ: Мені боқтап жіберді. Мен де жауап қайырдым. Ол көлігінен атып шығып, ұрып-соға бастады.

Қатты соққыдан 69 жастағы Анатолий ақсақалдың көзі көгеріп, мұрыны сынып, миы шайқалыпты. "Джип" мінген кәсіпкер полицияға арыздансаң көзіңді құртам деп те сес көрсетті деді. Қарт кісіге күш көрсеткен күдікті енді қатаң жазаға тартылу керек,-дейді гараж аумағындағы жүргізушілер.

Леонид ДЕГТЯРОВ: Бұл не деген бассыздық. Қарт пен жасты салыстыруға болмайды ғой. Зейнеткерді соққыға жыққаны несі?

Зейнеткер бір апта бұрын полицияға арыз жазған. Ал сақшылар күдіктіні бүгін ғана анықтадық деп отыр.

Кенже ҚОНЫСБАЙ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Жәбірленуші полицияға жүгінді. Қазіргі таңда «бұзақылық» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті азамат ұсталды. Өз кінәсін толықтай мойындады.

Қарияға қол көтерген жүргізуші жеке кәсіпкер боп шықты. Енді ол шартты түрде жазаға кесілуі мүмкін немесе қомақты айыппұл төлейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс