$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстандық спортшы көпсайыстан Қытайдағы турнирдің финалына шықты

Көпсайыстан іріктеу турнирінде Ришат 56 ұпаймен үшінші орыннан көрінді.
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Бұл күндері Қытайдың Гуанчжоу қаласында спорттық құзға өрмелеуден China Open турнирі өтуде. Аталған сынға Қазақстан сапынан Ришат Хайбуллин қатысып жатыр деп жазады Olympic.kz.  

Көпсайыстан іріктеу турнирінде Ришат 56 ұпаймен үшінші орыннан көрінді. Ол Канада және Жапония спортшыларын алға жіберген.  

Финалдық кезең 2 қарашаға жоспарланған.  

Айта кетелік, Ришат Хайбуллин биылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары