22.12.2015, 03:58

Лимузинмен жұртты таң қалдырған кентаулық жігіт 20 мың теңге айыпұл төлейтін болды (ВИДЕО)

Кеше әлеуметтік желілерде "Хаммер" маркалы лимузинмен дрифт жасаған кентаулық жігіттің осынау әрекеті жаппай талқыға түскен болатын. Тәртіп сақшылары болса мұны жол қозғалысы ережесіне қайшы екенін айтып, жүргізушіге айыппұл салды.

Кентау қалалық ІІБ қызметкерлері аталған бейнеролик инетрнетте жариялана салып лимузинді іздеп тапқан. Оның жүргізушісі - 1984 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты. 

Жол ережесін бұзған айыпты азаматқа тыйым салынған жерде маневр жасағаны үшін 20 мың теңгеге жуық, яғни 10 АЕК көлемінде айыппұл салды.