«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының астыңғы қабаты түтінге оранды, деп хабарлайды baq.kz ҚР ІІМ Төтенше жағадайлар комитетіне сілтеме жасап.
2 қарашада сағат 9:42-де «101» пультіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жертөле қабатын түтін басқандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер аталған нысанның техникалық бөлігінде электр кабельдердің тұтанғанын анықтады, - делінген комитет хабарламасында.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде кабельдердің жануы сағат 10:36-да толықтай өшірілді. Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер келгенге дейін орталық әкімшілігі қызметкерлердің барлығын эвакуациялап үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіруге жеке құрамдағы 11 адам мен елордалық ТЖД-ның екі техникасы тартылды.