$ 494.87  520.65  4.91

Кішкентай балаға күш қолданған маңғыстаулық тіс дәрігері кешірім сұрады (ВИДЕО)

Оның айтуынша, әйел төрт баласымен облыстық стоматологияға келіп, мүгедек баламен келгенін айтып, кезектен тыс қабылдауын сұраған. Дәрігер қабылдаған.

Кішкентай балаға күш қолданған маңғыстаулық тіс дәрігері Төлеген Мұхамбетов болған оқиға қатысты кешірім сұрады. Бұл туралы lada.kz жазды. 

Кішкентай балаға күш қолданып, зәресін алған дәрігер өз кінәсін мойындады.

«Кешегі болған жағдайда кінәмді мойындаймын. Кеше барып анасынан кешірім сұрадым, бүгін тағы кешірім сұрадым. Бүкіл елден кешірім сұраймын», - деді Мұхамбетов.

Оның айтуынша, әйел төрт баласымен облыстық стоматологияға келіп, мүгедек баламен келгенін айтып, кезектен тыс қабылдауын сұраған. Дәрігер қабылдаған. Баланы емдеу орындығына отырғыза алмаған. Содан кейін қарындасын қабылдап, оның екі тісін алған. Ал бала көнбей қойған соң, анасымен бірге кабинеттен шығарған. Біраздан соң олар тағы кірген, бұл жолы да бала көнбей, анасын тыңдамаған. Бала қорқып келген.

«Бала отырмаған соң, апа, болды, жүре беріңіз, балаңыз отырмайды», - деп кабинеттен шығармақ болған.

Бірақ баланың шешесі үшінші рет кірген. Видеодағы жағдай сол үшінші рет кіргенде болған.

«Баланы шектен тыс жұлқығаным көрініп тұр. Бірақ ұрған жоқпын. Кішкене қорқытып, тісін жұлып берейін деген оймен ғана істедім», - дейді тіс дәрігері.

Маңғыстау облысының дәрігер қауымы Мұхамбетовтің бұл қылығын құптамаған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, оған қатысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтауда еңгезердей тіс дәрігері кішкентай балаға қатігездік танытқан видео желіге тараған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#тіс дәрігері