$ 494.87  520.65  4.91

Тәжікстан мектептерінде жаңажылдық шырша орнатуға тыйым салынды

Тәжікстанның Білім және ғылым министрлігі білім беру орындарында жаңажылдық шырша орнатуға тыйым салды. Бұйрыққа ведомство басшысы Нуриддин Саидтің өзі қол қойды деп хабарлайды жергілікті "Азаттық" радиосы.

"Шыршаларды шабуға, оларды орнатуға, фейерверк және пиротехника пайдалануға, мерекелік дастархан жасауға, сыйлық беріп, ақша жинауға білім мекемелерінде тыйым салынсын" делінген аталған құжатта.

Сондай-ақ, билік жастардың мерекені жаппай атап өтуге, банкеттерге қатысуына да рұқсатын бермей отыр. Оның орнына мәдени және әдеби шараларға қатысып, спорттық жарыстар ұйымдастыруға кеңес берді.

Айта кету керек, 2013 жылғы Жаңа жыл мерекесі кезінде де осындай тыйым күшіне енген болатын. Ол кезде студенттердің бір-біріне, мұғалімдерге сыйлық беруіне, мерекелік кештер өткізуіне тыйым салынған еді.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бері Жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Қарша қызды да билік өкілдері мерекелік бағдарламалардан сызып тастаған. Айтуларынша, қос кейіпкердің ұлттың салт-дәстүріне еш қатысы жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары