$ 447.4  477.55  4.76

Жеңімпазға 330 доллар: алып гамбургерді аз уақытта тауыса аласыз ба? (ВИДЕО)

Жүрек жұтқан қатысушы әлі табылған жоқ.

Таиландта дәмхана келушілерге ерекше ұсыныс жасалды, деп хабарлайды АстанаТВ. 

9 минутта 6 келі гамбургерді тауысу қажет. Жеңімпазға 330 доллар бұйырмақ, бұл шамамен 130 мың теңге. Гамбургер қуырылған пияз, бекон мен майонез қабаттарынан жасалған. Аспаздардың бұл туындысы бірнеше күндік түскі ас пен кешкі асқа татиды. Тағамның энергетикалық құндылығы 10 мың калория. Жүрек жұтқан қатысушы әлі табылған жоқ. Бір де бір адам 9 минут ішінде "тағамды" тауыса алмады. Мейрамхана иесі алып гамбургерге 30 мың теңгеге жуық қаражат жұмсаған.

Комдех КОНДСУВАН, ДӘМХАНА ҚОЖАЙЫНЫ:

Мен барлық тұтынушылар бұл ұсынысты қабылдайтынына күмәнданамын. "Сізді олардың денсаулығы алаңдатады ма" деген сұрақтар көп қойылады. Әрине, алаңдатады. Бірақ сайыстың аты сайыс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Гамбургер