Көпшілікке Құралай ханым деп танылып, үнемі тренинг өткізіп жүретін келіншек отбасылық қиындықтарын айтып берді. Бұл туралы ол "Астана" телеарнасына берген сұхбатында сөз қозғады.
"Оның энергиясы бар, менікі бар. Бір-бірімізге үйрену қиын болды. Ең басында екеуміз де биіктікке таластық. Мен жеңіліп барып, жеңдім.
5-6 әйел болған жоқ. 1-2-еуі болған шығар. Сол жүрегіме қатты батты. Көзіме шөп салды", - деді Құралай ханым сұхбат барысында.
Ол сондай-ақ күйеуінен кешірім сұрап, табысқанын да айтты. Есесіне содан бері жары Құралай ханымның өзінен кешірім сұрап келеді екен.