Қазақстан қор биржасының күндізгі сессия қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 332 теңге 67 тиын болды. Кеше KASE қор биржасының таңертеңгілік сессиясында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 349,12 теңгені құрап, жаңа антирекорд жасаған болатын.