Павлодарда музыкалық аппаратты ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«28 қазан күні сағат 19: 45-те ер адам қаладағы мейрамханалардың біріне кіріп, қолайлы сәтті пайдаланып, 3 микрофонды қолды еткен», - деп хабарлады департамент өкілі.
Оған ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аталған бап бойынша ұрыға 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе түзету жұмыстарына, не үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға үкім шығуы мүмкін.