Мұхтар Әблязовтің сыбайласы аталған Бота Жәрдемәлінің Брюссельдегі үйінде тінту жүргізілді, - деп хабарлайды EUtoday.
Брюссельдің бақуатты ауданындағы оның үйіне полиция Қазақстанның екі өкілімен 1 қазанда барған, алайда бұл мәлімет енді шықты. Le Soir мәліметінше, Бельгия Қазақстанның Бота Жәрдемәліге қатысты сот органдарымен одақтастығы аясында сұранысын қабылдады.
БАҚ-та Жәрдемәлі «Әблязовтің оң қолы» делінеді. Жәрдемәлі 2005 жылдан бастап ұзақ жылдар бойы БТА банкте жұмыс істеп, басшылық қызметтерді атқарған. Оның ағасы Ескендір Ерімбетов Қазақстанда алаяқтық үшін жазасын өтеп жатыр. Осыған дейін, Қазақстан Бас прокуратурасы ДВК идеясы пропагандасы мен митингтерді ұйымдастыруға Жанар Ахметова мен Бота Жәрдемәлі мен басқа тұлғалардың белсенді көмектесіп жүргенін айтқан.
Дереккөз: tengrinews.kz