23.12.2015, 02:57

23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым аймақтарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел, республиканың жекелеген аймақтарында қатты жел күтіледі.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады. Ақмола облысында желдің күшеюі 18-23, күндіз кей жерлерде екпіні 30 м/с жетеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 18-23, күндіз екпіні 30 м/с-тан жоғары болуы күтіледі, кей жерлерінде бұрқасын, тұман көктайғақ бақыланады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кейбір жерлерінде тұман, бұрқасын болады. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 20-25, екпіні 28 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман бақыланады. Қызылорда облысының  кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, тұман, бұрқасын болады. Павлодар облысында желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетіп, бұрқасын, көктайғақ бақыланады. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел 17-22, күндіз 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде, күндіз территорияның басым бөлігінде бұрқасын болады. Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасынмен болады. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын, тұман, көктайғақ бақыланады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, көктайғақ бақыланады. Манғыстау облысында, түнде Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман бақыланады.

Қазақпарат