$ 446.49  475.38  4.79

Назарбаев түркістандық жас жұбайларға батасын берді (ВИДЕО)

Күнгейдің шенеуніктері Елбасының келуіне арнап бірталай нысанды дайындап қойған екен. Су жаңа облыс әкімдігі мен журналистерге арналған медиаорталық, азаматтарға арналған Үкімет үйін көрсетті.

Түркістанда жүрген Нұрсұлтан Назарбаев көне шаһардағы бірқатар нысандарды аралап, су жаңа ғимараттармен танысты. Сыры кеппеген неке қию сарайында тұңғыш президент шаңырақ құрып жатқан бірнеше жұпқа батасын берді, деп хабарлады КТК арнасы.

- Тұңғыш рет тұңғыш неке сарайында неке қиып отырсыңдар. Бақытты болыңдар! Туған балаларың Түркістан облысы орталығында туды деп жазылатын болады. Сендер де солай боласыңдар. 

Күнгейдің шенеуніктері Елбасының келуіне арнап бірталай нысанды дайындап қойған екен. Су жаңа облыс әкімдігі мен журналистерге арналған медиаорталық, азаматтарға арналған Үкімет үйін көрсетті. Ғимараттарды аралап қана қоймай, болашақта өңірде салынатын шаңғы курорты мен темір жол, әуежайлардың жобаларымен де таныстырды. 

Жоспар бойынша келесі жылдың соңына дейін құны 500 миллиард теңге болатын 1070 нысан іске қосылуы қажет. Оның 105-і пайдалануға берілген. Құрылыстың қарқынына риза болған Назарбаев келесі жылы көршілерді Түркістанға шайға шақырамын деп отыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті: 

- Бір жылда көп жұмыс жасалған. Ендігі жылы мен мына көрші елдердің басшыларын – Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстанды осы жерге өзіміздің саммитке шақырайық деп отырмыз. Олар келісім берсе, мүмкін Түркістанда өткізерміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары