$ 444.32  473.33  4.76

Елімізге Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.
Фото: BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Қазақстанға Ресейден 400 литр заңсыз алкоголь әкелінген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті  экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері Volvo маркалы автомашинасымен Ресей Федерациясынан Солтүстік Қазақстан облысының аумағына 4 литрден пластикалық канистрларға құйылған 400 литр мөлшерінде алкоголь өнімін әкелу фактісін анықтады. Мамлүт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тексеру нәтижесінде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 282-бабының 3-тармағы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. Тәркіленген алкоголь өнімдері сот шешіміне дейін сақтау қоймаларына орналастырылды, - делінген хабарламада.

Дереккөз: BAQ:KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қылмыс #Ресей