07.11.2019, 10:15

Америкалық отбасы асырап алған қазақстандық қыз - АҚШ-тың актрисасы

Бұл Стелланың кинодағы алғашқы рөлі емес - бала кезінен ол жарнамаға түсіп жүр, алғашқы рөлі "Девочка и ее зомби" фильмінде болған.

Қарағандыда туып, бала кезінде америкалық отбасы асырап алған қыз АҚШ-та актриса атанды, деп хабарлайды BaigeNews-ке сілтеме жасаған Tengrinews.kz.  

16 жастағы Стелла Смит "Қара найзағай" (Black Lightning) телесериалына түсті. Ол үшінші маусымда Грейс есімді жасөспірімді сомдайды. Жаңа маусым қазанда басталды. Сценарий бойынша болашақта Грейс суперкүші бар әйелге айналады. 

Бұл Стелланың кинодағы алғашқы рөлі емес - бала кезінен ол жарнамаға түсіп жүр, алғашқы рөлі "Девочка и ее зомби" фильмінде болған. Сондай-ақ ол басқа да картиналар мен қысқаметраж фильмдерге түскен.  

Стелла - Либерти және Лаура Смиттің жалғыз баласы. Қазақстан соты 2004 жылы наурызда Стелланың сегіз айлығында асырап алуға рұқсат берген. Қазақстанда оның есімі басқа болған. 

Стелла бала кезінен модель болып жұмыс істеген, актерлік шеберлік курстарына қатысқан. Сегіз жасында пиццерия желісінің жарнамасына түскен. 

Басылымның мәліметінше, АҚШ-та тұрып жатқан Қазақстан тумасы Paradigm Talent Agency және Cohen Entertainment агенттіктерімен келісімшартқа отырған. Қыркүйекте ол SAG-AFTRA мүшесі атанған. 

Тегтер: асыранды