$ 447.4  477.55  4.76

«Аз уақытта шулатады»: Головкиннің орнын басатын қазақ боксшылары кімдер?

Қазір бәрі Головкиннің көлеңкесінен көрінбейді, бірақ, бір-екі жылда бәрі өзгереді.
фотолар: Vesti.kz
фотолар: Vesti.kz

Белгілі америкалық Fightnews.com порталының журналисті әрі инсайдері Мигель Анхель Маравилл Vesti.kz-ке берген сұхбатында бокста болашағы зор боксшыларды атап, оларды сипаттап берді. 

Оның сөзінше, алдағы бір-екі жылда олар отандасы Геннадий Головкиннің көлеңкесінен шығады. 

Фото: juldiz.kz

«Орта салмақта қазақстандық боксшылар көп. Қазір бәрі Головкиннің көлеңкесінен көрінбейді, бірақ, бір-екі жылда бәрі өзгереді. Маған Мейірім Нұрсұлтановтың өнер көрсетуі ұнайды. Соңғы жекпе-жектен бері қатты жақсарған. Өткірлігі мен соққы күшін арттырғаны тартымды етеді.

Жәнібек Әлімханұлы екеуі дивизиондағы болашағы үлкен боксшылар. Жәнібек қорғаныста жақсы, ал Мейірім шабуылда. Бадди МакГритпен жаттығу жаққаны білініп тұр. Біраз уақыттан кейін-ақ екеуі орта дивизионды шулатады», - дейді Маравилла.

Фото:qsport.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары