07.11.2019, 18:20

Қыстық дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді мәшинелеріне қыстық дөңгелек салуға шақырамыз. Бұл – жол қауіпсіздігінің кепілі, – делінген департаменттің ақпаратында.

Мәшинесіне қыстық дөңгелек салмаған жүргізушілер айыппұл арқалайды, деп хабарлайды Полиция департаменті.

Кедендік одақтың «Дөңгелікті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай, 1 желтоқсанға дейін көлігіне қыстық дөңгелек салмаған жүргізушілер бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалайды.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерді мәшинелеріне қыстық дөңгелек салуға шақырамыз. Бұл – жол қауіпсіздігінің кепілі, – делінген департаменттің ақпаратында.

Тегтер: айыппұл