$ 494.87  520.65  4.91

Полиция Шымкентте бір жарым жыл құлдықта болған ер адамға қатысты пікір білдірді

Ведомство мәліметінше, ер адамға бұған дейін іздеуде болған екен.

Шымкентте бір жарым жыл құлдықта болып, азап көргенін айтқан алматылық ер адамның оқиғасына қатысты полиция пікір білдірді. Полиция ер адамды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, ер адамға бұған дейін іздеуде болған екен. 

«Түркістан облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастап, соның барысында ер адамның ұрлық жасағаны үшін 2017 жылдан бері Алматы қаласының Алатау аудандық полиция бөлімімен іздестірілгені анықталды. Ер адам осы уақыт бойы өзгенің тегімен жасырынып жүрген», - дейді полициядағылар.

Сонымен қатар полиция ер адамның Алматы полициясымен қамауға алынғанын айтты. 

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық ер адам Шымкентте бір жарым жыл бойы құлдықта болып, тамақ үшін жұмыс істеуге мәжбүр болғанын айтқан еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары