08.11.2019, 03:15

Ресей Олимпиададан шеттетілуі мүмкін

Фото: Prosports.kz
Егер алаяқтық туралы ақпарат жақын күндері расталса, ең ауыр санкция қолданылады (Олимпиададан шеттету де қарастырылады).

Германияның ARD телеарнасының журналисі Хажо Цеппелт Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Ресейге қарсы ісі туралы жаңа мәліметтер айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спортшылар қан тапсырғаннан кейін, Мәскеудегі лабораторияда шынайы мәліметтерді жасырып, жалған анықтама берді деп Ресей айыпталып отыр. Егер алаяқтық туралы ақпарат жақын күндері расталса, ең ауыр санкция қолданылады (Олимпиададан шеттету де қарастырылады) », - деп жазды Зеппелт Twitter-дегі парақшасында.

Бірнеше күн бұрын Ресей спорт министрі Павел Колобков шынайы мәліметтерді ешкім жасырған жоқ деп сендірген еді. 

Жазғы Олимпиада 2020 жылы Токио қаласында 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтеді.