$ 494.87  520.65  4.91

8 қарашада жер көктайғақ болады

Атмосфералық ауа ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

«Қазгидромет» РМК 8 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Атмосфералық ауа ағындардың бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. 

Кей жерлерінде жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде жауады, жел, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, тек республиканың оңтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз болады. 

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с, күндіз Ақмола облысында 23 м/с дейін күшейеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, басым бөлігінде желдің жылдамдығы 23 м/с дейін жетуі ықтимал. 

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы