Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Бұл туралы министрдің кеңесшісі Ерболат Мұхаметжан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.
Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде, - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысуын сұрағанын хабарлаған болатынбыз.