Семейде түнде он пәтерлік үйдің шатырында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«8 қараша күні сағат 04:37-де Семейдің «101» пультіне Карьерная көшесіндегі барақ тәрізді салынған бір қабатты он пәтерлік тұрғын үйдің өртке оранып жатқандығы туралы хабар келіп түсті. Жалпы ауданы 330 шаршы метр шатыр жанған», - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілердің тиісті қолданған шараларының арқасында 15 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 05:58-де оқшауланып, сағат 07:05-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД-ның 6 өрт сөрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 24 адамы жұмылдырылды.