$ 498.34  519.72  4.85

54 жастағы апа әлем чемпионатынан кейін «жұлдыз» болды

Менің кумирім - Геннадий Головкин

Румынияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында жеңіске жеткен 54 жастағы қазақстандық Рахия Молдашева Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бірден белгілі болып кеткені жайлы өз ойын айтты. 

«Әлем чемпионатына алғаш баруым және жеңісіме қуаныштымын. Сөзбен жеткізе алмайтын әсер. Шешуші кезеңде толқыдым, бірақ, қолымнан келді. Еліме жеңіс сыйлағаныма қуаныштымын. Үйде бәрі алаңдап отырды. 54 жастамын, үй шаруасында. Екі ұл, екі қызым, олардан немерем мен жиенім бар. Олардың бәрі мені бір батырдай көреді. Мені тани бастағанын байқадым, алайда, өзімді жұлдыз сезінбеймін.

Менің кумирім - Геннадий Головкин. Оның жекпе-жектерінің барлығын тамашалаймын. Ол еліміздің ең мықты спортшысы және еліміздің даңқын шығаруда. Бізді жеңіске шабыттандырды», - дейді Молдашева.

Айта кетейік, әлемдік додаға 54 елдің спортшылары қатысты. Жалпы, қазақстандық спортшылар 8 алтын, 9 күміс және 11 қола жеңіп алды. Осылайша, Қазақстан Ресейден кейін екінші орын иеленді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары