08.11.2019, 20:05

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ҚазАқпарат
9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. 

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар алалас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. 

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.