Алматы облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған 2 күдіктіні полицейлер қолға түсірді, деп хабарлайды NewTimes.kz жергілікті ПД-не сілтеме жасап.
Ер адамның ауыр жарақат алғаны жайлы хабар полиция бөлімшесіне 8 қарашаға қараған түнде келіп түскен.
2 күдікті такси жүргізушісінің Audi 100 маркалы автокөлігін алып қашып бара жатқан жерінен тұтқындалды. 2001 жылы туған екеуі тергеу изоляторына қамалды.
Адам өлтіруге оқталғаны үшін ҚР ҚК 99, 24-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Тергеу облыстық полиция департаментінің қадағалануына алынды.