08.11.2019, 20:52

Алматы облысында 2 жігіт такси жүргізушісіне шабуыл жасап, мойнын жаралаған

Күдіктілерді тұтқындау сәті
2 күдікті такси жүргізушісінің Audi 100 маркалы автокөлігін алып қашып бара жатқан жерінен тұтқындалды.

Алматы облысында такси жүргізушісіне шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған 2 күдіктіні полицейлер қолға түсірді, деп хабарлайды NewTimes.kz жергілікті ПД-не сілтеме жасап.

Ер адамның ауыр жарақат алғаны жайлы хабар полиция бөлімшесіне 8 қарашаға қараған түнде келіп түскен. 

2 күдікті такси жүргізушісінің Audi 100 маркалы автокөлігін алып қашып бара жатқан жерінен тұтқындалды. 2001 жылы туған екеуі тергеу изоляторына қамалды. 

Адам өлтіруге оқталғаны үшін ҚР ҚК 99, 24-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Тергеу облыстық полиция департаментінің қадағалануына алынды.