Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатының бірінші күнінде Қазақстан самбошылары екі күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды "Хабар24".
Чонжу қаласында өтіп жатқан біріншілікке сексен елдің спортшылары жиналды. Қазақстан атынан 27 спортшы қатысып жатыр. Алпыс келі салмақта әйелдер арасында Динара Жұмабаева үшінші орын алды. Ерлерден елу екі келіге дейінгі салмақта Райымбек Райымқұлов күміс жүлдеге ие болды. Ал Серікжан Түсіпов үшін финал өте күрделі болды. Жауынгерлік самбода елу жеті келіге дейінгі салмақта ол жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Алтын медаль үшін күресте Түсіповтың қарсыласы өткен жылғы әлем чемпионы Александр Нестеров болды.
Райымбек Райымқұлов, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
- Күміспен аяқтадық. Енді осымен тоқтамаймыз. Бұйырса енді келесі жылымыз бар.
Серікжан Түсіпов, самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері:
- Қарсыласымен екінші рет кездесіп отырмын. Ана жылда мирда за выход ұтылып қалғанмын. Осы жылда финалда ұттым. Алдағы жоспар – енді осы жетістігімізден бірінші орын алу, чемпион мира болу. Қайтадан дайындаламыз.
Досберген Тамбиев, жаттықтырушы:
- Қола медаль алған Динара – Алматы облысының қызы. Ол да орыс спортшымен за выход в финал күресті. Соңғы бағасымен ұтылып қалды. Бірақ қола медаль үшін өте жақсы күресті. Енді өзі тәжірибелі спортшы ол. Бірақ солай болды.