09.11.2019, 08:08

Жаңаөзенде кәріз жүйесін жөндемек болған 2 адам мерт болды

Марқұмдар жергілікті «Коммуналдық қызметтер» кәсіпорынының жұмысшылары.

Жаңаөзен қаласында кәріз жүйесін жөндеуге барған 2 жұмысшы қайтыс болды. Олар «Самал» шағын ауданындағы үйдің жертөлесіне түскен кезде тоқ соққан, деп хабарлайды "Хабар24".

Марқұмдар жергілікті «Коммуналдық қызметтер» кәсіпорынының жұмысшылары. Жедел және шұғыл медициналық станциясына кешкі 5-ке таяу шақырту түскен екен. Оқиға орнына жедел жеткен фельдшерлер олардың тек өлімін тіркеген. Оқиға орнына қала әкімі Мақсат Ибағаров болып марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтты.

Тегтер: Жаңаөзен