UFC чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагамедов ирландиялық спортшы Конор Макгрегормен реванш өткізу мүмкіндігіне баға берді деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
«Алдымен UFC-де он рет жеңіске жетсін, сол кезде реванш туралы сөз қозғаймыз», – деді ресейлік аралас жекпе-жек шебері баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, ол ирландиялық спортшының жағымсыз мәлімдемелеріне көңіл бөлмеуінің себебін түсіндірді. Нурмагамедовтың айтуынша, ол барлығын октагонда дәлелдеп қойған.
Мәскеудегі Хабиб Нурмагамедовтың қатысуымен болған баспасөз мәслихаты UFC Fight Night 163 турнирінің қарсаңында өткізілген болатын. Аталған турнир 9 қарашада «ЦСКА Арена» алаңында өтеді.
Еске сала кетейік, Конор Макгрегор Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралғанын, сондай-ақ ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізетіні анық екенін мәлімдеген болатын.