09.11.2019, 22:55

Ақтөбеде мектеп оқушысын көлік қағып өлтірді

Фото: inform.kz
Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмысы жүріп жатыр.

Бүгін Ақтөбеде 10 жастағы оқушыны көлік қағып, ол оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шамамен жергілікті сағат 15:30-да «Опель вектра» көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. Жол - көлік оқиғасы кезінде 10 жастағы бала сол жерде көз жұмды», - деді Ақтөбе облыстық полиция дептаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Қазір қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмысы жүріп жатыр.