10.11.2019, 21:55

Қостанайда үш бала мұз астына түсіп кетті

Фото: 1ul.ru
Полиция қызметкерлері балаларды 2 метр тереңдіктен алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер қатты суық өткен 2 баланы құтқара алмады.

Қостанай облысы Жетіқара ауданында мұз астына түсіп кеткен 2 бала үсіктен қайтыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бүгін түс ауа болған. Әлі дұрыс қатпаған мұздың үстіне ойнауға барған 3 бала суға батып кеткен. Полиция қызметкерлері балаларды 2 метр тереңдіктен алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер қатты суық өткен 2 баланы құтқара алмады. Үшінші жасөспірім ауруханада ем алып жатыр. Жағдайы орташа. Балаларды құтқармақ болған 65 жастағы тұрғын да ауруханаға жеткізілген.  

Тегтер: қостанай