Елордада екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлері ескерткішінің әріптерін ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлады baq.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ескерткіштегі жезден құйылған әріптерді түнде ұрлағаны анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстары үшін сотталған 32 жастағы қала тұрғыны ұсталды.
Қазіргі уақытта ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, ҚР ҚК-ның 118-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері ұрланған әріптердің бір бөлігін металл сынығын қабылдайтын орыннан алған, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті.