Ресейдегі танымал гимназиялардың біріне барып, ондағы оқушылармен жүздескен Хабиб Нурмагомедов өзінің жекпе-жектері туралы айтты, деп хабарлайды "Хабар" агенттігінің ақпараттық порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы соңғы өткізген жекпе-жектерінің ешқандай ләззат сыйламағандығы туралы баяндады. «Кейінгі кездерде спорттан да маңызды нәрселердің бар екенін ұғындым. Соңғы өткізген кездесулерімнің ішінде біреуіне ғана көңілім толады. Қалған жекпе-жектерде еш рахатқа бөленбедім», – деді спортшы.