$ 444.22  476.38  4.82

Қытай енді Ай бетін жаулап алмақшы

Осы жылдың наурыз айында Қытай 2020 жылы ғарыш аппаратын Марсқа ұшыратындығы жайлы айтқан болатын. Оның басты мақсаты планетаның жер бедері мен атмосферасын зерттеу болып табылады.
Фото: toptopov.info
Фото: toptopov.info

Қытайдың Ай экспедициялары Марсқа баратын жолдың ғылыми-техникалық негізін құрастырмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біз Айдың бетінде ғылыми зерттеулер жүргізетін база ашпақшымыз. Бұл база біздің ары қарай адам мекендейтін жерді кеңейтуге, мұнымен қоса ғарыштың басқа аумағына адам аяғы басатын жол салуға бастама болады», - делінген Қытай зерттеушілерінің мәлімдемесінде.

Қытайдың ғарыш индустриясы алғашқы рет Марсқа алып баратын ұшқыштар жобасы жайлы сөз етіп отыр. Ғалымдардың болжауы бойынша ең бірінші «қызыл ғаламшарға» деген адам экспедициясы 2050 жылы болуы мүмкін. Ғаламшарға барып-келгенге шамамен 500 күндей уақыт өтуі мүмкін.

Атап айтарлық жайт, мамандарға бірнеше факторды аса мұқияттылықпен зерттеген жөн көрінеді. Ол факторларға Жермен байланыс қандай қашықтықта үзілуі мүмкін, экспедиция кемесінің қуаттылық көзі, ғарышкерлердің денсаулығына деген әсері сынды жағдайлар кіреді. Бұған қоса алыстағы ғаламшарға жету үшін аса қуатты зымыран құрастырылуы шарт.

Осы жылдың наурыз айында Қытай 2020 жылы ғарыш аппаратын Марсқа ұшыратындығы жайлы айтқан болатын. Оның басты мақсаты планетаның жер бедері мен атмосферасын зерттеу болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қытай