$ 446.49  475.38  4.79

Адамға ұқсайтын балық жұрттың үрейін ұшырды (ВИДЕО)

Жазба авторының айтуынша, видеоға түсіп қалған - түрі адамның келбетіне ұқсас тұқы балығы.

Түрі адамға ұқсайтын алып балық әлеуметтік желі пайдаланушыларының үрейін ұшырды. Жұрт әлеуметтік желілерде видеоны жарыса бөлісіп жатыр, деп жазады Sputniknews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушылары түрі адамға ұқсайтын балық бейнеленген роликті талқылап жатыр.

Видео @Unexplained twitter аккаунтында жарияланыпты.

Жазба авторының айтуынша, видеоға түсіп қалған - түрі адамның келбетіне ұқсас тұқы балығы.

Бұл кадрлардан балықтың көл жағасына таяп, аузымен түрлі іс-қимыл жасағанын көруге болады. Әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбі, бұл бейнежазбадан үрейленгенін жасырмады.

Мысалы, "шайтан балық", - деп пікір жазды Тее есімді желі қолданушысы. Осындай мағынадағы пікірлер көп жарияланды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#балық