11.11.2019, 12:45

Күйеуі өртеп жіберген нұрсұлтандық әйел қайтыс болды

Фото: pixabay.com
Институт баспасөз қызметінің хабарлауынша, денесін күйік шалған әйел 10 қарашада түнгі сағат 01:35-те көз жұмған.

Елордада күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйел бақилық болды. Оның денесінің 75%-ін күйік шалған болатын, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі, астанадағы Травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Институт баспасөз қызметінің хабарлауынша, денесін күйік шалған әйел 10 қарашада түнгі сағат 01:35-те көз жұмған.

Нұр-Сұлтан қалалық полициясы оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің «Кісі өлтіру» бабына сәйкес іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторында отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Нұр-Сұлтанда ер адамның өз әйелін өртеп жібергені туралы хабарлаған едік.

Тегтер: әйел күйік