Жамбыл облысының Шу қаласында пеш жақпақ болған ерлі-зайыптыларды күйік шалып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Хабар 24, Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Кеше 10 қараша кешкі 22:30-да Шу қаласындағы жеке үйде пешке солярка жағып жатқанда үй иелері күйіп қалды. 1981 жылы туған ер адам мен 1983 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды», - делінген хабарламада. Куәгерлердің айтуынша, олар мас болған.