$ 494.87  520.65  4.91

«Қирап қалған»: Жезқазғанда қатты жылдамдықпен жүрген көлік ағашқа соқтығысты (ВИДЕО)

Жол апаты салдарынан зардап шеккен жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілген.

Жезқазғанда Volkswagen маркалы автокөлік қатты жылдамдықпен ағашқа соқтығысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Жол-көлік оқиғасы шамамен 23:00-де Жезқазған қаласындағы Сәтбаев көшесінің бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, 38 жастағы жүргізуші қатты жылдамдықпен ағашқа соқтығысқан. 

Соққыдан көлік қирап қалған, ал оның қозғалтқышы мен аккумуляторы жан-жаққа ұшып кеткен. Жүргізушіні ауруханаға алып кетті. 

"Жол апаты салдарынан зардап шеккен жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілген. Ол мас болған. Осы дерекке қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы 1-бөлігі ("Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы") бойынша жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты