$ 494.87  520.65  4.91

Ақмола облысында ірі жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск бағытында келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Toyota көлігін соққан.

Ақмола облысының Ақкөл қаласы маңында жан түршігерлік жол апаты орын алды. Hyundai Elantra мен Toyota Carina автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы Минск ХПП – Жаңа Қалқұтан ауылы автожолында демалыс күні болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Степногорск бағытында келе жатқан Hyundai Elantra автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Toyota көлігін соққан.

Өкінішке орай, жол апаты қайғылы оқиғамен аяқталды. 1987 жылы туған Toyota жүргізушісі мен оның алты жастағы баласы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, осы көлікте отырған жолаушы – 1984 жылғы келіншек бас жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Hyundai Elantra автокөлігінің жолаушысы – 1978 жылғы азамат зардап шекті.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты