$ 494.87  520.65  4.91

Көктайғақ, бұрқасын: сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады.

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі. Батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлерінде жаңбыр және қар, солтүстікте және шығыста қар жауады деп хабарлайды Қазгидромет.

Тек оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон шоғырының әсерінен күн райы ашық болады.

Кей жерлерде тұман мен жел күшейеді деп күтілуде. Солтүстік пен шығыс аймақтардың кей бөлігінде көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының бірқатар аумағында көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын соғады, Қостанай облысында тұман түсуі ықтимал.

Алматыоблысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында да тұман түседі, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей бөліктерінде тұман түсуі ықтимал.

Дереккөз: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы