13.11.2019, 15:30

Келіншек ағасының өліміне диагноз қоя алмаған дәрігерлерді кіналап отыр

Неге ауруханаға апармайсыздар, неге ештеңе жасамайсыздар деп айтқанда, бізге басшыларымыз ұрсады. Біз тек қиын жағдайларда ғана апармыз деп айтқан.

Павлодарда өкпенің қабынуынан қайтыс болған тұрғынның өліміне марқұмның жақындары жедел жәрдем фельдшерлерін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, 53 жастағы ер адам үйінде дене қызуы көтеріліп, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Бірақ олар диагноз қоя алмады деп отыр, деп хабарлайды «Астана» арнасы.

Марқұмның қарындасы Жанар Аламанова ағасының өліміне ақ халаттыларды кінәлайды. Өйткені ыстығы көтеріліп, жедел жәрдем шақырғанда, фельдшерлер оған нақты диагноз қоя алмапты. Оның үстіне екі күн қатарынан жәдел жәрдем шақырған. Бірақ медицина қызметкерлері ауруханаға апарудан бас тарқан көрінеді.

«Неге ауруханаға апармайсыздар, неге ештеңе жасамайсыздар деп айтқанда, бізге басшыларымыз ұрсады. Біз тек қиын жағдайларда ғана апармыз деп айтқан. Бірақ, бұл жағдай өте қиын. Өйткені ентікпесі болып, әзер отырып, әзер тұрып жатқан кісіні. Қоған диагноздары ОРВИ деп қойды. Бірақ онысы дұрыс емес”, – деді марқұмның қарындасы Жанар Аламанова.

Екі күн ауырған науқас сол күні кешкісін үйінде жан тапсырған. Мәйітке сараптама жасаған мамандар, оның екі бірдей өкпесінің қабынғанын айтыпты.

«Жедел жәрдемнің соңынан учасковый врач жергілікті дәрігер келген. Ол дәрігер келіп, өкпесін естігінде бірден вланжные хрипи, пневмания бірден анықтап, он күндік емдеу шараларын жазып, екі антибиотик емдеу қағаз беріп, укол қойды да, сосын направление берді. Егер одан да қатты ауырып жатса, жедел жәрдемді тағы да шақырарсыздар деді. Бірақ ағам укол қойғаннан кейін кішкене жеңілдеп, антибиотиктің екінішісін қойғанша көз жұмды”, – деді Жанар Аламанова.

Ал облыстық жедел медициналық көмек станциясының дәрігерлері науқастан өкпе қабынуы байқалмағанын айтады. Ал науқастың өзі емханаға барудан бас тартты деп отыр. Бұл іске байланысты арнайы комиссия құрылып, медицина қызметкерлерінің әрекетін тексерген. Бірақ дәрігерлер тарапынан қателік табылмапты.

«Барлық шақырулар да ешқандай кешігу болған жоқ. Науқасқа біздің қызметкерлер керекті барлық ем-дом шарасын жасады. Біздің міндетімізге кіретін қызмет көрсетуде ешқандай оқылық болмаған. Сондықтан, тексеріс бойынша біздің бригадаға ешқандай ескерту тағылған жоқ”, – деді Павлодар облыстық жедел медициналық комек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.

Алайда қапыдағы қазаға қабырғасы қайысқан марқұмның туыстары дәрігерлер қорытындысымен келіспейді. Олар бұл іске Денсаулық сақтау министрлігінің араласуын сұрап отыр.

Тегтер: дәрігер