$ 444.32  473.33  4.76

Көкшетауда 80 оқушы бір мезетте неден ауырған?

Дегенмен кейбір санитарлық талапты орындамаған мектеп асханасы уақытша жабылды.

Ауру астан емес! Көкшетауда оқушылардың жаппай науқастанып қалуының себебі белгілі болды. Санитар мамандардың кешенді тексерісінен кейін балалардың астан уланбағаны анықталды, деп жазады ktk.kz.

Дегенмен кейбір санитарлық талапты орындамаған мектеп асханасы уақытша жабылды. Мектепті де, асхананы да залалсыздандыру шарасы жасалды. 

Бір апта бұрын бір мезетте 80 оқушы науқастанып қалған еді. Олардың іші ауырып, басы айналған. Жағдайды естіген ата-аналары сақтық жасап, балаларын сабаққа жібермей қойған. Қазір жағдай түзеле қойған жоқ. Бүгін 273 оқушы сабаққа келмеген. Оның 55-і үйінде дәрігер анықтамасын күтіп жатыр дейді мектеп басшылығы.  

Айнагүл Мусина, Ақмола облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы: 

- Карантин жарияланбайды! Өйткені балалар саны бойынша сырқат 10 пайызға жеткен жоқ. Сараптама қорытындысы маусымдық вирустық инфекция екенін анықтады. Тұмау сияқты, вирус тасымалдаушы болуы мүмкін. Одан қорқып, балаларын сабаққа жібермеу дұрыс емес. Атааналарға түсіндірдік. Қазір балалардың жағдайы жақсы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Көкшетау