Супер ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (12-0, 11 КО) титулды жекпе-жегіндегі нокаутпен жеңістен кейін әлемдік рейтингте 92 саты жоғарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Өткен демалыс Германияның Гамбург қаласында қазақстандық боксшы IBO Inter-continental белбеуі үшін хорватиялық Агрон Смакичимен (15-1, 13 КО) жұдырықтасты. Он раундқа есептелген жекпе-жек біріншісінде аяқталды - Кособуцкий қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Бұл жеңіс арқасында ол өз дивизионында BoxRec рейтингінде 79-шы орынға тұрақтады. Осылайша, Кособуцкий 12 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (11 нокаут). Ал Смакичи алғаш рет жеңіліп тұр, бұған дейін ол 15 рет жеңіске жеткен еді (13 нокаут).
Мұның алдында Кособуцкий жекпе-жектің қалай өткенін айтып берген еді.
«Көрермендер қарсыласымды жақсы қолдайтыны сезілді. Ол жергілікті жанкүйерлердің сүйікті боксшысы (Гамбургте тұрады - Vesti.kz ескермесі). Бәс қою коэффициенті де оның пайдасына еді 87 пайыз 13-ке қарсы. Бірақ мені бұл еш селт еткізбеді. Көрермендер жекпе-жектің мұнша жылдам және өздеріне кері аяқталатынын күтпегенін түсіндім. Бұл олардың миына сыймайды. Қысқаша айтқанда, олар есеңгіреп, сасып қалды!», - дейді боксшы.