$ 494.87  520.65  4.91

«Салық салуға болмайды»: заңгер Қаржы вице-министрінің сауатсыздығын әшкереледі

Шолпанқұлов ақша жіберген адамнан салық ұсталып, оны алған адам да салық төлеуі тиіс дейді. Бұл қазақстандық салық жүйесінде бұрын-соңды болмаған дүние!
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

10 қарашада мен Қаржы министріне Берік Шолпанқұловтың электронды ақша аударымдарына салық енгізу туралы ұсынысын заңсыз деп тану туралы шағым жолдадым.

7 қарашада Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың "ендігіден бастап қазақстандықтардың банк картасы арқылы жүргізетін электронды ақша аударымдарының бір бөлігіне салық салынуы керек, өйткені ол кіріс әкеледі" деген мәлімдесі БАҚ беттерінде жаппай жарияланды.

"Барлық төлемдер туралы айтып жатқанымыз жоқ. Егер сіз жақындарыңызға көмектесу мақсатында ақша аударсаңыз, онда ол қарастырылмайды. Картадағы барлық операция жеке қарастырылады. Соның ішінде бұл барлық электронды транзакцияларға қатысты. Егер сіз коммуналдық қызмет ақысын төлесеңіз немесе ұялы телефоныңыздың балансын толтырсаңыз, онда бұл сомаға салық әлдеқашан еніп қойған. Сол секілді жеке біреудің аударған ақшасын алатын адамдар бар, оны да салық органдары қадағалайды. Егер адам табыс ақша алған жағдайда, әрине, одан төлемдер ұсталуы керек. Бұл барлық банктерге қатысты. Салықты карта арқылы табысын алып жүргендердің бәрі төлейді", - деді Шолпанқұлов.

Міне, мен Шолпанқұловтың бұл айтқандарымен келіспеймін, өйткені мұндай әрекеттер заңсыз:
1. Ол "аударым" және "төлем" ұғымдарын қате пайдаланып отыр, өйткені аударым дегеніміз - бұл жай ғана бір шоттан екінші шотқа аударылатын ақша, ал төлем дегеніміз - қандай да бір міндеттемені орындау үшін төленген ақша, дәлірек айтсақ, яғни, барлық аударымдар төлемге жатпайды. Сондықтан әрбір ақша аударымына салық салуға болмайды.
2. Шолпанқұлов салық ақша жіберген адамнан ұсталып, ал оны ақшаны алған адам төлейтінін айтады.

Салық заңнамасына сәйкес, жеке тұлғалар, сатып алушы немесе тапсырыс беруші ретінде ешқашан салық агенті болып табылмайды, сондықтан одан салық ұсталмауы тиіс. Сол себепті Шолпанқұлов төлем көзінен салық ұстау керек дегенде қателеседі.

Оның үстіне, Шолпанқұлов ақша жіберген адамнан салық ұсталып, оны алған адам да салық төлеуі тиіс дейді. Бұл қазақстандық салық жүйесінде бұрын-соңды болмаған дүние!

3. Шолпанқұлов салық салымын есептеуде табыс алынған күн ақша түскен күні емес, тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатқан күн болып табылатын әдіс бар екенін білмейді. Осыдан-ақ ақша алу ешқашан салық салу міндеттемесіне кірмейтінін оңай аңғаруға болады. Сондықтан Шолпанқұловтың электронды аударымдарға немесе төлемдерге салық енгізу керек дегені заңсыз болып табылады.
4. Шолпанқұлов кіріс дегеннің не екенін түсінбейтін секілді. Салық кодексіне сәйкес, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатқан кезде түсетін түсім кіріс болып табылады. Басқа да кіріс түрлері бар, бірақ менің түсінуімше, Шолпанқұлов сатудан түскен кіріс туралы нақты айтады. Салық кодексіне сәйкес, табыстың өзі салық салу объектісіне жатпайды. Яғни, электронды төлемнің бүкіл сомасына салық салуға болмайды.

Салық салу объектісі табысы мен шығын айырмасы секілді салық салынатын табыс болып табылады.
5. Салық кодексінің 36-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, салық төлеуші салық сомасын дербес есептеп, дербес төлейді. Яғни, электронды аударымдардан түскен барлық түсімдерді салық төлеуші салық есебінде өз бетінше көрсетеді, сондықтан ақша аударымдарымдарына салық салу өзі қос салық салуды білдіреді.
6. Шолпанқұлов әр ақша аударым жекелей қарастырылатынын айтады. Сонда қалай жасамақшы оны? Жылына миллиардтаған трансакция жүреді, олардың әрқайсысын жекелей қарастыру мүмкін емес.
10 қарашада мен Қаржы министріне Берік Шолпанқұловтың электронды ақша аударымдарына салық енгізу туралы ұсынысын заңсыз деп тану туралы шағым жолдадым.

Жангелді Сүлейменов, адвокат, "Қазақстандағы бизнес заңгерлері" республикалық бірлестігінің президенті

Дереккөз: Zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары