Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді. Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді", - делінген хабарламада.