14.11.2019, 11:30

Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды (ВИДЕО)

Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді. Президент сапар барысында өңір активімен кездесіп, Ақмола облысын дамыту жөнінде кеңес өткізеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бірнеше өндіріс нысандарын аралап көреді", - делінген хабарламада.