Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді қолдау керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұғалім - білім беру жүйесінің негізі. Балаларымыздың білім деңгейі - осы салаға жасалған жағдайға тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, мұғалімдердің наразылығына таңғалудың қажеті жоқ», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.
Осы мәселеге байланысты Президент Білім және ғылым министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға мұғалімдерді шынайы тұрғыда қолдау керек екенін ескертті.