$ 449.58  486.94  4.86

«Бос уақыт - балалар үшін қауіпті» -Хабиб Нурмагомедов (ВИДЕО)

Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Краснодар қаласында жанкүйерлерімен кездесті.

Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов өзінің жанкүйерлерінің ата-аналарына кеңес берді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Ресейдің аралас жекпе-жек шебері Хабиб Нурмагомедов Краснодар қаласында жанкүйерлерімен кездесті. Кездесуде балалар мен жасөспірімдер көп болды. Нурмагомедов жас спортшылар мен олардың ата-аналарына ақыл-кеңес берді.

«Мен ата-аналарға балаларына үлгі болуға кеңес берер едім. Оқуын, жаттығуға баруын қадағалау керек. Балалардың бос уақыты болмауы керек. Бос уақыт – балалар үшін өте қауіпті», - деді спортшы.

Сондай-ақ, ол өзіне қолдау білдірген жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары