$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда көлік жүргізушісі 7 жасар қызды қағып, қашып кетті

Алматыда көлік жүргізушісі 7 жасар қызды қағып, оқиға орнынан қашып кетті.

Инстаграмда апат болған жерден видео пайда болды. Куәгерлер бұл оқиға Біржан көшесінде, № 68 орта мектептің қарсы бетінде болғанын айтты. Қызды жедел жәрдем бригадасы Алматыдағы балалар шұғыл көмек орталығына алып кетті, деп жазады Stan.kz.

«7 жасар балаға бас ауруы, әлсіздік және шағымымен жеткізілді. Қабылдау кезінде баланы көпсалалы топ тексеріп, қажетті медициналық тексерулерден өтті. Сүйек жарақаты анықталмады. Жабық бас ми жарақаты диагнозы қойылған. Денеде көгерулер бар Баланың жағдайы орташа деп бағаланады. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы