19 шілде күні Қазақстанның басым аумағы циклон ықпалында болады, соның салдарынан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде тұман түседі, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Ал республиканың оңтүстік, батыс, солтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс пен орталық аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының кей аумақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, тұман түседі.
Күндіз Қарағанды облысының кей аумақтарында күн қатты ысиды.